Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыПетропавлда антибиотик қабылдаған әйел мен жасөспірім анафилактикалық шок алды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Оларды жедел жәрдем дәрігерлері аман алып қалды. Жедел медициналық қызмет көрсету станциясына 14 жастағы баланың туыстары хабарласқан. Оның «Цефтриаксон» қабылдағаннан кейін жағдайы нашарлаған. Шақыру бойынша келген дәрігерлер антибиотик қабылдағаннан кейін баланың бозарып, терлеп, қан қысымы күрт төмендеп, содан кейін есінен танып қалғанын анықтады.
Оған жедел медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды. Тағы бір әйел «Цефтриаксоннан» кейін аллергиялық реакция болып, жедел жәрдемге хабарласқан. Жедел көрсетілген көмектен кейін науқастың жағдайы тұрақталған.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді