7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Солтүстік Қазақстан облысында былтыр экологтар 15 тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 22 заң бұзушылықты анықтады. Бұл туралы Kazinform.-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
СҚО Экология департаментінің мәліметінше, 15 тексерістің 12-сі арыз-шағымға байланысты жоспардан тыс жүргізілген.
Анықталған олқылықтарды жоюға 21 ұсыным берілген.
Жалпы сомасы 10 млн 901 мың теңгеге 26 әкімшілік айыппұл салынған. Оның тек біреуі ғана сот орындаушыларының көмегімен мәжбүрлі түрде өндіріліп алынып жатыр.
Бұдан бөлек алдын ала бекітілген кесте бойынша 220 субъектіні бармай-ақ тексеру жоспарланды. Ол профилактикалық сипатта жүргізілді.
Нәтижесінде экологиялық заңнаманы бұзудың 95 дерегі анықталды.
Заңбұзушыларға ақпараттық хат жолданып, субъектілер оны жою бойынша тиісті шаралар жоспарын бекітті.
Департамент тағы үш жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жұмысын тоқтату бойынша сотқа жүгінді.
«Агро-Елецское» ЖШС мемлекеттік экологиялық сараптаманың тиісті оң қорытындысын алмай суару жүйесін салып, пайдаланбақ болған.
СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот департаменттің талап-арызын қанағаттандырды.
Дәл осындай себеппен енді «Кирпич СК» ЖШС де жаңа жабдықты пайдалануды тоқтата тұрады.
Ал «Сана-Торг» ЖШС-нің асфальт-бетон зауыты жұмысы соттың қаулысымен әкімшілік іс жүргізу тәртібімен 1 жылға тоқтатылды.
Алайда талап-арыз қайтарып алынды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?