Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСолтүстік Қазақстан облысында арнайы жасақ 15 тоннадан асатын Artemia Salina шаянын заңсыз аулаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Artemia Salina – Солтүстік Қазақстан облысындағы көлдерді мекендейтін құнды табиғи ресурс.
СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, СҚО прокуратурасының үйлестіруімен Мамлют ауданында шаянды заңсыз аулаумен айналысқан топты ұстады. Оларда шаянды аулауға рұқсат беретін құжат болмаған.
Жазда тіркелген кәсіпорын аумағында және күдіктілердің бірінің жеке ауласында жалпы 15 тоннадан асатын шаян тәркіленді. Оның 12 мың тоннадан астамы қайта өңделген шаян болып саналады. Күдіктілерді ұстауға «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесі мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері қатысты.
Сондай-ақ күдіктілердің бірінен 7,62 калибрлі мылтыққа арналған 6 патрон, екіншісінен дауыс құмықтырғышы бар ПМ тапаншасы және оған арналған 4 патрон тәркіленді.
Дерек Қылмыстық кодекстің 335-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Барлық мән-жайды анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Залалдың алдын ала сомасы – шамамен 150 млн теңге. Қажет сараптамалар тағайындалды, – деді СҚО ПД басшысы Айдын Қабдұлдинов.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?