13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызСолтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен қызылжарлықтар жаңа үйлерге қоныстанып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, Петропавл қаласындағы «Бірлік» шағын ауданы жаңа тұрғындармен толықты.
Бүгін 49 отбасы жаңа үйлердің иесі атанды. Осылай су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін 200 жаңа тұрғын үй салынып, кілттері табыс етілді. Жоспарланған 700 үйдің 500-інде құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде, бұл үйлер қыркүйек айына дейін аяқталады, - делінген мәліметте.
Ведомство су тасқынынан зардап шеккендер үшін тұрғын үйлердің құрылысына 1,5 мың құрылысшы жұмылдырылғанын еске салды.
Сонымен қатар зардап шеккен өңір тұрғындарына екінші нарықтан 621 баспана сатып алынды.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 3 993 объектіге техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша:
- 700 үй салу - 200 аяқталды;
- 1329 үй сатып алу - 621 сатып алынды;
- 1964 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу - 949 аяқталды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды