Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСолтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Prosol Spa» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Адальберто Вилла және атқарушы директоры Даниэле Бонвичинимен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Итальяндық серіктестер «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында мал азығына арналған ашытқы өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асыруда.
Инвесторларға сенім білдіріп, өңірдің дамуына қосқан үлестері үшін алғысымды білдірдім. Өз тарапымыздан жобаны жан-жақты қолдауға дайынбыз. Солтүстік Қазақстан өңірі тиімді серіктестікке ашық!",- деп жазды аймақ басшысы әлеуметтік желі парақшасында.
Зауыттың өнімі ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл аса маңызды жоба, өйткені, өңірде сүт және етті мал шаруашылығы белсенді дамып келеді. Жобаға 3 миллиард теңге инвестиция салу жоспарланған. Кәсіпорын жылына 3 000 тонна өнім өндіріп, 40 адамды жұмыспен қамтымақ.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді