Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКатар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан әлем кубогының шешуші кезеңі өтеді. Бұл туралы Olympic.kz сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған турнирден соң гимнастикалық ат снарядында Олимпиада жолдамасын жеңіп алған гимнастар есімі белгілі болады.
Команданың бас бапкері Александр Кимнің пікірінше, әлем кубогында Нариман Курбановтың жолдама алатын мүмкіндігі мол.
Курбановқа жүлделі орынға ілігу керек. Сол кезде жолдама мәселесі шешіледі. Негізінде қазір оның басты қарсыласы - Қытайлық Тайпей өкілі Ли Чин Кай. Ол Әлем кубогының алғашқы екі кезеңінде финалға шыға алмады. Десе де, өте мықты гимнаст саналады. Францияның Лион қаласында жаттығып жүр. Біз тап сол Бакудегі турнир алдында іштей секем алып, осы бір тайпейлік спортшы топ жарып кетпесе екен деп тіледік. Ойлағанымыздай болды. Нариман сол жарыста сырқаттанып қалды да, бағдарламаны өзі ойлағандай орындай алмады. Бірақ үміт үзбейміз. Катарда бәрі шешіледі, - дейді Ким.
Катарда сынға түсетін Қазақстан құрамасы:
Милад Карими
Нариман Курбанов
Дмитрий Патанин
Диас Тойшыбек.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?