10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕрлан Естек Спортты дамыту дирекциясының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Ерлан Естек ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының директоры қызметіне тағайындалып отыр. Ол1982 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысында дүниеге келген. Арқалық қаласындағы мемлекеттік педагогика институтын (2003 жылы), Шымкент университетін (2016 жылы), Қазақ спорт және туризм академиясының магистратурасын (2017 жылы) тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы жаттықтырушы-оқытушы ретінде бастаған. Осыған дейін Qazaq kuresi қауымдастығының бас директоры қызметін атқарған. Қазақ күресінен 2 дүркін әлем және Азия чемпионы. Дзюдодан ҚР спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ұлттық дәрежедегі төреші. Бапкер ретінде қазақ күресінен 9 әлем чемпионын, 5 Азия жеңімпазын 30-дан астам ҚР спорт шеберін даярлаған.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді