22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМемлекет басшысының заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлықтың жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры мен оның орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады.
Олар кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесіп, спорт жабдықтарын сатып алуға, сондай-ақ туроператорлармен жоғары құны бойынша шарттар жасасу арқылы 584 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.
Сонымен қатар, кәсіпорын директоры жеке компанияның директоры бола тұра, 2021 жылы Батыс Қазақстан облысында футбол мен допты хоккейді дамытуға бөлінген 161,9 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев