Үй жағдайында SPF 30 қолдану жеткілікті, ал күн астында көп жүрсеңіз, демалыс кезінде SPF 50 және одан жоғары қорғаныс құралдарын таңдаған дұрыс. Бұл туралы педиатр Сұлушаш Едіге айтып берді.
Сарапшының айтуынша, күннен қорғайтын құрал таңдағанда тек SPF деңгейіне ғана емес, ультракүлгін сәулелерден қорғану спектріне де мән беру қажет.
UVA және UVB сәулесінен қорғануға назар аудару керек. Өйткені бұл сәулелер теріге әртүрлі әсер етіп, қартаю мен терінің зақымдануға әкелуі мүмкін», – деді педиатр.
Маман сондай-ақ күннен қорғайтын құрал құрамындағы фильтрлердің түрі де маңызды екенін атап өтті. Физикалық фильтр күннен қорғаса, химиялық фильтр ультракүлгін сәулені сіңіреді. SPF-тің бірнеше түрі бар екенін, соның ішінде флюид түрі күнделікті қолдануға ыңғайлы екенін атап өтті.
Маман SPF-ті дұрыс жағу мен уақытылы жаңартып отырудың маңызын да еске салды.
Күннен қорғайтын құралды далаға шығардан 15-30 минут бұрын жағу керек. Кремді әр 2-3 сағат сайын жаңалап отыру керек, сондай-ақ суға түскеннен кейін қайта жағу қажет, – деді Сұлушаш Едіге.
Осы орайда педиатр балаларға да SPF крем жағу керегін, 3-6 айынан бастап далаға шыққанда міндетті түрде күтімді естен шығармау қажетін айтты. Күннен қорғайтын крем теріге сіңіп кететінін, сонда да баланың бетін кешке мұқият жуу керегін атап өтті. Сондай-ақ мұндай затты тек тексерілген дүкеннен не болмаса дәріханадан алу керегін қосты.
Педиатр қорықпай сатып алуға болатын бірнеше SPF құралын көрсетті. Құрамы таза, зиянсыз кремді жүкті және бала емізетін аналар да жағуына болады.
1. Thinkbaby Safe Sunscreen SPF 50+
Сезімтал теріге, ересекке де, балаларға да болады
2. Babo Botanicals Sheer Zinc Mineral Sunscreen SPF 30
Сезімтал теріге, ересекке де, балаларға да болады
3. Alba Botanica Sheer Mineral Face Sunscreen SPF 50
Хош иіссіз, веган, суға төзімді (80 минут)
4. Artistry Skin Nutrition Face Sunscreen SPF 50+
Жеңіл текстура, күнделікті қолдануға ыңғайлы
5. Derma E Natural Mineral Sunscreen SPF 30
Хош иіссіз, веган, суға төзімді