Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБокстан Астана қаласында өтіп жатқан VI жазғы Спартакиадада ширек финалдық жекпе-жектер аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
13 салмақта сынға түсіп жатқан боксшылардың арасынан 6 бірдей әлем чемпионы жартылай финалға шықты. 51 келі салмақта әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Павлодар облысының жас боксшысы Ғаббас Дүйсекеновтен айласын асырды.
Ал 48 келіде әлем чемпионы атанып, 51 келіге ауысқан Санжар Тәшкенбай жарыстағы алғашқы жекпе-жегінде былтырғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Бекзат Алдамжаровты жеңді.
57 келіде Махмұд Сабырхан ел чемпионатының қола жүлдегері Дулат Тұрлыбекұлына 3 раундта да мүмкіндік қалдырмады.
63,5 келіде сенсация авторы, әуесқой бокске қыркүйек айында ғана ауысқан 28 жастағы Жандос Қыдыралиев Ақмола облысының намысын қорғаған Әли Рахымжаннан басым түсті.
Енді ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржановпен жолығады.
Көрермендердің көңілінен шыққан айқас 71 келідегі Талғат Шәйкен мен ел чемпионатының қола жүлдегері Нұржан Аманкелдінің арасында өрбіді. Кәсіпқой бокста тәжірибесі бар Талғат ауыр соққыларының арқасында келесі кезеңге өтті.
80 келі 2021, 2022 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Жәнібек Қартбаев та алғашқы раундта нокдаунға түскеніне қарамастан, әлем чемпионы Бекзад Нұрдаулетовке қарсы лайықты өнер көрсетті. Дегенмен, жеңіс Бекзадтың пайдасына шешілді. Есеп: 5:0
80 келідегі биылғы әлем чемпионы Нұрбек Оралбай Батыс Қазақстан облысының жеңімпазы Илья Кисильевты 2 мәрте нокдаунға жіберді.
92 келіде басты фавориттің бірі — Айбек Оралбай Шымкент боксшысы Жасұлан Омарды барлық раундта айқын ұтса, Азия ойындарының қола жүлдегері Сағындық Тоғамбай Қарағанды облысының өкілі Нурмагамад Юсуповты аяусыз соққылады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді