20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПарламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауының үгіт-насихат жұмыстары ресми түрде басталды. Бұл туралы «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Бұл саяси науқанның мемлекет пен қоғам үшін, әр отбасы мен әр азаматтың болашағы үшін де мәні өте зор, мәні терең. Біз жаңа дәуірде оң өзгерістер кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың түбегейлі реформалары азаматтарымыздың күмәнсіз, толық қолдауына ие болды, үмітін оятып, сенімін нығайтты. «Amanat» партиясы президенттің қоғамдық тірегі ретінде осы реформаларды іске асыру жолында барлық күш-жігерін, қарым-қабілетін жұмсайтын болады. Біз жылдар бойы қордаланған мәселелердің қаншалықты ауқымды екенін жақсы түсінеміз. Біз қоғамдағы әр отбасы мен әр адамның көкейіндегі өзекті, өткір сұрақтарды жақсы білеміз және біз осы мәселелерді халқымызбен бірге түпкілікті шешуге тәуекел етіп отырмыз», - деді Ерлан Қошанов.
Халықтың бірінші сұранысы жайлы жұмыс, жеке баспана және білім мен медицина қарапайым тұрғындар үшін қолжетімді болуы тиіс. Инфлияцияның өзі адамдардың қалтасын қағып жатыр. Азық-түлік қымбатшылығы да өзекті мәселе. Сондықтан кешенді шараларды шұғыл түрде қолға алуымыз керек екенін айтты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?