20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысы Отырар ауданында кешкі уақытта үйінен шығып кеткен 15 жасар бала қайтып оралмаған. Ата-анасы шарқ ұрып іздеген жасөспірім талдың түбінен табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкесінің айтуынша, 15 жасар ұлы 11 қаңтарда сағат 17:00 шамасында достарымен шығып кетіп, күн қарайғанша келмеген. Содан оның туыстары алдымен баланы өздігінен іздеуге кіріскен. Алайда нәтиже шықпаған соң полицияға хабарлаған.
Бір сағатқа созылған жедел жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесінде жоғалған жасөспірім үйінен 15 шақырым қашықтықта орналасқан талдың түбінен табылды.
Оқи отырыңыз:
Полицейлердің анықтауы бойынша 9 сынып оқушысы ата-анасына айтпастан достарымен қыдырған. Осылайша түнгі уақыт болып қалған соң үйіне барса, кешіккені үшін ата-анасынан сөз естимін деп ойлапты. Содан талдың түбінде ұйықтаған.
Тәртіп сақшылары бала мен оның ата-анасына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізген. Өз кезегінде ата-анасы полицейлерге ризашылықтарын білдірді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?