6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖоғарғы сот Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың сотталған туысы Байжановтың шағымын қарамақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бақытжан Байжановты 13 мамырда 4 жылға соттаған болатын. Ол Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты күдікті ретінде ұсталып, істі болған еді.
Сот кеңсесі Байжановтың атынан кассациялық шағым түскенін хабарлады. Сот оны сәрсенбі, 4 қыркүйекте қарамақ.
Алайда Қуандық Бишімбаевтың өзі әлі Жоғарғы сотқа шағым түсірген жоқ. Бұл туралы оның адвокаты Ерлан Ғазымжанов хабарлады.
Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған еді.
Сондай-ақ 26 маусымда сот алқасы Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша шешім қабылдап, олардың үкімдерін өзгеріссіз қалдырған болатын.
Ал Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың үстінен тағы да арыз жазған еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі