19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Жеке сот орындаушылары мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы алатын 27 борышкердің банк шоттарын бұғаттағаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласының прокуратурасы атап өткендей, Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңына сәйкес мемлекеттік бюджеттен және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуға арналған банк шоттарына тыйым салуға жол берілмейді.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жарты миллион теңгенің қаражаты қайтарылып, банк шоттарына салынған тыйым алынды. Соның нәтижесінде 27 адам 1,2 млн теңге қаражатына қол жеткізді. Қазір қалалық прокуратура уәкілетті органмен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатыр, - делінген прокуратура таратқан хабарламада.
Айта кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы – I топ мүгедектігі бар адамдарға 95 496 теңге, II топ – 76 397 теңгеге дейін, III топ – 52 089 теңгеге дейін ұлғайтылатыны жөнінде хабарланды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары