19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Сот шешіміне сәйкес, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп жылдар бойы өз активтерінің құнын асыра бағалаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сотта анықталғандай, соның арқасында банктер мен сақтандыру компаниялары Трампқа жақсы шарттар ұсынып отырған.
Сот Трампты алаяқтық үшін жауапқа тартуға болады деген шешімге келді. Бұл іс қазан айында қаралмақ.
Нью-Йорктің бас прокуроры Трампқа қатысты тергеуді 2019 жылы бастаған болатын. Ол Трамп жыл сайын өзінің байлығын кем дегенде 2,2 миллиард долларға асыра бағалағанына сенімді.
Бұған дейін Трамп түрмеге түсу қаупі туралы алаңдамайтынын мәлімдеген.
Ол сондай-ақ өзін қудалаудың артында қазіргі мемлекет басшысы Джо Байден тұрғанына сенімді.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Трампқа қарсы тағы үш қылмыстық іс тергелуде — бизнес-есептілікті бұрмалау, құпия құжаттарды заңсыз сақтау және сайлау нәтижелерін бұрмалау әрекеті.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары