Бүгiн, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАстанада жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысында марқұмның анасының адвокаты Нұрсұлтан Орынбеков сот тергеуін қайта бастау туралы өтінішхат берді. Адвокат құрылыс салушы мен өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыға берілген шағымның қаралу нәтижесін осы іс аясында зерделеуді сұрады.
Адвокат қандай өтініш жасады?
Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, бұған дейін қорғау тарапы құрылыс салушы мен басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыға шағым берілгенін сотта хабарлаған.
Аталған шағымды Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қараған. Адвокаттың пікірінше, шағымды қарау нәтижесі Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты істің мән-жайларын толық анықтау үшін маңызды болуы мүмкін.
Қорғаушы соттан тергеу сотының шағымды қарау нәтижелері туралы мәліметтерді және тиісті сот актісін сұратуды өтінді.
Адвокат өз өтінішін Қылмыстық-процестік кодекстің 99, 383 және 385-баптарына негіздеді. Оның айтуынша, бұл нормалар тараптарға іс үшін маңызды мән-жайларды анықтауға бағытталған процестік әрекеттерді жүргізу туралы өтінішхат беруге, сондай-ақ жаңа дәлелдемелер пайда болған жағдайда сот тергеуін қайта бастауды сұрауға мүмкіндік береді.
Істі басқа қылмыстық іспен біріктіру мәселесі қаралды
Бұған дейін сот Сәуле Жұбаниязоваға қатысты қылмыстық істі құрылыс салушы мен өзге де тұлғаларға қатысты іс материалдарымен біріктіру мәселесін шешу үшін прокурорға жолдаған.
Жұбаниязова Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 254-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп айыпталып отыр. Сот оның бұлтартпау шарасын да өзгеріссіз қалдырған, елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат сақталған.
Сот қаулысына заңда белгіленген тәртіппен шағым беруге немесе прокурор тарапынан наразылық келтіруге болады.
Ұлдана Мырзуан қалай қаза тапты?
Қайғылы оқиға 2025 жылғы 8 қарашада Астанада болған. Тұрғын үйдің қасбетінің кірпіш қаптамасы құлап, бес адам зардап шеккен. Оқиға орнына жедел жәрдем құрамында барған фельдшер Ұлдана Мырзуан да жарақат алған. Ол алған ауыр жарақаттарынан 18 қарашада ауруханада қайтыс болды.
Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі 2026 жылдың тамызында басталған. Іс бойынша жалғыз айыпталушы – қасбеті құлаған үйдегі мүлік иелері бірлестігінің төрайымы болған Сәуле Жұбаниязова. Оған Қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша айып тағылған.
Бұған дейін сотта құрылыс салушыға қатысты қылмыстық істің тоқтатылуы мәселесі де көтерілген. Бұл ретте істің бастапқы тергелуінде құрылыс сапасына қатысты нұсқалар қаралғаны хабарланған.
Марқұмның анасы мен әпкесі тағы бір мәселе көтерді
Сот процесінде Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ешенқұлова-Омарова мен әпкесі оның күйеуі Әділет Зейнелдің жәбірленуші мәртебесіне қатысты мәселе көтеріп отыр.
Адвокат Нұрсұлтан Орынбеков олардың Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан шығару туралы талапты алдағы отырыстарда да көтеретінін айтты.
Сонымен қатар адвокат үшін қазіргі маңызды мәселелердің бірі – құрылыс салушы мен өзге тұлғаларға қатысты істің тоқтатылуына байланысты шағымның нәтижесін осы сот процесінде зерттеу.
Сот тергеуін қайта бастау туралы өтінішхаттың қаралу нәтижесі істің бұдан арғы барысына әсер етуі мүмкін.
Бүгiн, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіБүгiн, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Бүгiн, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Бүгiн, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?