13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАстана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында жазушы, драматург Мадина Омарованың «S.O.S» атты драма жанрындағы қойылымы көрермен назарына ұсынылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қойылымда қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – нашақорлық тақырыбы қозғалады. Спектакль жасөспірімдердің адасуы, орта ықпалы, тағдырдың бір сәтте өзгеруі және зиянды әдеттердің адам өміріне тигізер салдары туралы ой қозғайды. Есірткінің дәмін алғаш татқызған кім, жауапкершілік кімнің мойнында деген сұрақтар арқылы қойылым көрерменді терең толғанысқа жетелейді.
Спектакльдің қоюшы режиссері – Мәдениет саласының үздігі Аман Ғұмаров. Қойылым тобының құрамында костюм суретшісі Айдана Еңгебай, жарық қою суретшісі Ермек Мұхтарұлы, дыбыс режиссері Асылжан Асқаров, режиссердің ассистенті Еламан Иманбай бар.
Спектакль арқылы авторлар есірткінің соңы тек қайғы мен тығырыққа апаратынын көрерменге жеткізуді мақсат еткен.
«Нашақорлық – қоғамды іштен ірітетін өзекті мәселе. Осы қауіпті құбылысқа назар аударту үшін спектакль S.O.S. деп аталды. Қойылымда жастардың еліктегіштігі мен оңай ақшаға алданып, қателікке бой алдыруы суреттеледі. Бас кейіпкер Айбардың ойланбай жасаған таңдауы бүкіл отбасына ауыр зардап әкеледі. Бұл – бір ғана отбасының тағдыры емес, қоғамға төнген ортақ қатер», – деді Аман Ғұмаров.
Рөлдерді театр актерлері сомдады. Айбар бейнесін Бибол Байғараев пен Абзал Арапов, Айбаршаны Аружан Бағзат пен Арелана Амангельдиева орындады. Ана рөлінде «Құрмет» орденінің иегері Майра Омар мен Ақниет Замзат, Диана рөлінде Мерейім Талғат пен Нарқыз Жанұзақова, Досхан бейнесінде Нұрдәулет Кеңшілік, Ильяс Өтетілеу және Нұржас Садырбаев көрінді. Сонымен қатар Асан, Ержан және басқа да кейіпкерлерді театр артистері сомдады. Көпшілік сахналарға театр ұжымы қатысты.
Қойылымның жалпы ұзақтығы – 1 сағат 10 минут.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды