Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқалы Брекешев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балық шаруашылығының дамуы саланы дамытуға арналған бағдарламаның серпіні екенін айтты.
«Балық экспорты 13%-ке ұлғайды, оның ішінде Еуропа елдері де бар. Жалпы, қолдан өсірілген және ауланған балық өндірісі биылғы жылдың 10 айында шамамен 57 мың тонна болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12%-ке жоғары», - деді министр.
Дегенмен, біз әлі күнге дейін өз нарығымызды отандық балықпен толық қамтамасыз ете алмай келеміз. Импорттың үлесі әлі де жоғары. Кейбір өңірлер бағдарламадағы жоспарлы көрсеткіштерді қамтамасыз ете алмай отыр. Балық өсіру көрсеткіші ең төмен өңірдің ішінде Атырау облысы да бар екенін атап өтті.
«Қарағанды, Алматы және Павлодар облыстарында да балық өндірісі төмен. Аталған өңір әкімдіктері жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты күшейтіп, бизнестің бастамаларына қолдау көрсетуі қажет. Сондай-ақ, кәсіпкерлерді балық өнімдерін терең өңдеуге ынталандыру керек», - деді министр.
Тиісті мемлекеттік қолдау шаралары акваөсіру жөніндегі заң жобасы шеңберінде ескерілуі тиіс. Табиғи су қоймаларындағы балық қорының көбеюіне де назар аудару керектігін жеткізді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?