Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Үкімет басшысы жылыту кезеңі басталғанға дейін өте аз уақыт қалғанын және солтүстік пен шығыс аймақтарда ауа райына байланысты жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталуы мүмкін екенін тілге тиек етті.
Көріп отырғанымыздай, бүгінгі таңда жылыту маусымын бастау үшін бастапқы дайындық бар. Кейбір жылу көздерін жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмай қалуы мүмкін. Теміртау қаласының 2-ЖЭО-да №4 қазандықты жөндеу қазан айының соңына дейін ұзартылады. Жезқазған ЖЭО-да №4 қазандықты жоспарлы жөндеу әлі аяқталған жоқ, ал №9 қазандықта жұмыстың тек 4% орындалды. Абай, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының энергия кәсіпорындарында жөндеу жұмыстары кестеден кешігіп жүргізілуде. Сонымен қатар жылыту маусымының басында қазандықтарға түсетін жүктеменің төмен болатынын ескерсек, бұл үйлердегі температура көрсеткіштеріне әсер етпеуі керек, – деді премьер-министр Әлихан Смайылов.
Аталған өңірлердің әкімдері Энергетика министрлігімен бірлесіп жөндеу жұмыстарының барысына күнделікті мониторинг жүргізіп, жылыту кезеңінде қажетті жылу қуатын қамтамасыз етсін деген тапсырма берді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?