Солтүстік Қазақстан облысынан күзгі әскерге шақыру барысында биыл 500-ге жігет әскер қатарына алынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңызды науқан алдында саладағы жаңашылдықтар туралы да айтылды.
СҚО-ға күзгі әскерге шақыру науқанына дайындықты пысықтауға келген ҚР Қарулы Күштері Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Руслан Омаровтың айтуынша, қазір Қорғаныс министрлігі тарапынан цифрлық трансформациялау іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Мақсат – мерзімді әскери қызметке баруға қызықтыратын жобаларды жүзеге асыру.
Мерзімді әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мақсатында Қорғаныс министрлігі бірқатар іс-шараларды қолға алды, соның ішінде «Әскери міндетті 2.0» жобасы бар. Әскери борышын өтеп келген азамат осы цифрлық платформа аясында ҰБТ тапсырмай-ақ еліміздегі өзі таңдаған жоғары оқу орындарында тегін білім ала алады. Үздік деп танылған, ұпай саны жоғары 3 мың сарбазды осылайша оқуға түсіреміз. Министрлік еліміздің жетекші университеттерімен меморандумға отырды. Жоғары оқу орындарының саны 70-тен асады. Тізімге кірмей қалғандар әскери борышын өтеп келгеннен ейін екі жыл ішінде бұл мүмкіндікті пайдалана алады. Алайда олар ҰБТ тапсырмағанымен, оқуды ақылы оқиды, - дейді Руслан Омаров.
Бұдан басқа мерзімді әскери қызметке алынғандарға кредиттік каникул беріледі.
«Бұрын шақырылушы «менің несием бар» деп әскерге барудан бас тартатын. Қорғаныс министрлігі Қаржы нарығын реттеу агенттігімен меморандумға отырды. Яғни әскерге алынушының несиесі болса, ол оны борышын өтеп келгеннен кейін өтей алады.