Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық каратэшілер Софья Берульцева мен Жоламан Биғабыл Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының финалына жолдама алды.
Әйелдер арасында +68 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Софья Берульцева жартылай финалда Непал өкілі Арика Гурунгты 2:1 есебімен жеңді.
Енді қазақстандық спортшы Азия ойындарының алтын медалі үшін Таиланд өкілі Маиса Бутсуванмен кездеседі.
Софья Берульцева – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2022 жылғы Азия ойындарының чемпионы және 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ оның еншісінде Азия чемпионатының үш алтын медалі бар.
Ерлер арасында 55 келі салмақта өнер көрсететін Жоламан Биғабыл да финалға жолдама алды. Қазақстандық каратэші жартылай финалда Индонезия өкілі Мұхаммад Тегар Жануарды 6:1 есебімен сенімді жеңді.
Жоламан Биғабыл финалда Өзбекстан өкілі Хумоюнмирзо Халимовпен Азия ойындарының алтын жүлдесін сарапқа салады. Шешуші кездесу бүгін Астана уақытымен сағат 12:30-ға жоспарланған.
Осылайша, Қазақстан құрамасының каратэ шеберлері Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде бірден екі алтын медаль үшін таласуға мүмкіндік алды.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін триатлоннан ерлер арасындағы бәсекеде Арлан Жанабай қола жүлдеге қол жеткізсе, тасжол велоспортынан әйелдер арасындағы жарыста Рината Сұлтанова алтын медаль жеңіп алды.
Еске салайық, XX жазғы Азия ойындары Аичи-Нагояда 4 қазанға дейін жалғасады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?