29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыWKF каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Софья Берульцева Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жерлесіміз Қазақстан қоржынына оныншы алтынды салды. Әйелдер арасында +68 келі салмақта өнер көрсеткен Софья финалда непалдық Арика Гурунгпен кездесті. Жекпе-жек басынан белсенді қимылдаған Берульцева қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады – 3:0.
Софья ХІХ жазғы ойындарды ширек финалдан бастап, Жуд Олдрусты (Иордания) жеңсе, жартылай финалда Филиппин спортшысы Изабель Арианна Бритодан басым түсті.
22 жастағы қазақ каратэшісі бұған дейін Токио Олимпиадасы мен 2021 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек