Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматыдағы Gorky Tennis Park теннис орталығында жасөспірімдер арасында 2025 жылғы Ролан Гаррос турниріне Орталық және Батыс Азия бойынша іріктеу сайысы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, қыздар арасында Алматы теннис мектебінің түлегі, 16 жастағы София Исакова жеңімпаз атанды.
С.Исакова финалда ирандық Ясаман Язданиды 6:0, 6:1 есебімен ойсырата жеңді. София осы дода барысында қарсыластарына бірде-бір сетті берген жоқ.
Бозбалалар арасында тағы бір қазақстандық Арсений Требухин шешуші бәсекеде өзбекстандық Ахмаджон Тошмұхамедовке жол берді – 6:7 (2:7), 2:6.
Осылайша, Исакова, Яздани, Требухин және Тошмұхамедов биылғы 16-20 қазанда Жапонияда өтетін іріктеу турнирінің финалдық кезеңіне жолдама алды.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді