1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіЕлімізде әскерге шақырту туралы SMS-хабарламаларды заңдастыру рәсімі толық аяқталды. Бұл туралы Мәжілісте Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әубәкіров мәлімдеді.
Оның айтуынша, смс алған әрбір әскерге шақырылушы жергілікті қорғаныс департаментіне келуге міндетті. Шақыру науқаны барысында жыл сайын 20 мыңнан астам жас әскер қатарына шақырылады.
Көшеден алып кету – жалған ақпарат. Ондай жағдайлар жылына 5-10 рет қана кездеседі, ол да тек бірнеше мәрте шақыртуға келмегендерге қатысты профилактикалық шара кезінде болады. Бір емес, екі емес, үш-төрт рет шақыртуға келмеген жастар туралы айтылып отыр, – деді Әубәкіров.
Қорғаныс министрінің орынбасары керісінше, мыңдаған жастың әскери борышын адал өтеп жатқанын, мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп отырғанын атап өтті.
Бүгінде әскерге өз еркімен келіп жүрген жастар көп. Мемлекет оларды қолдап, кредиттік демалыс береді. Жуырда үш мыңға жуық сарбаз жоғары оқу орнына грант алды. Неге осы жайлы айтылмайды? – деді ол.
Әубәкіров әскерге шақыртудан жалтарғандар алдымен өздеріне сұрақ қоюы керектігін де айтты.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?