Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШымкентке жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жоспарланған бағдарламадан бөлек, бірінші кезекте қалалық әуежайдың жай-күйімен танысып, жаңа терминал құрылысын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Әлихан Смайылов Шымкент Шығыс пен Батыс арасындағы көлік қозғалысының түйіскен жерінде орналасқан еліміздегі үшінші ірі мегаполис екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде тікелей және транзиттік рейстерді орындауға ыңғайлы жағдай жасайды.
Сонымен қатар Премьер-Министр Шымкент әуежайының жағдайы халықаралық мәртебеге сәйкес келмейтінін атап өтті.
«Жаңа терминал салу 2018 жылы тапсырылған болатын. Не себептен әлі күнге дейін пайдалануға берілмей отыр? Қалаға немесе елге келген туристер мен қонақтар ең алдымен әуежайдың жағдайына назар салады. Сол себепті тез арада жаңа терминалды пайдалануға беру керек», — деді Әлихан Смайылов.
Шымкент қаласының әкімі Марат Әйтенов бүгінгі таңда жоба 80%-дан астамға аяқталғанын, құрылыс 40 мың шаршы метр алып жатқанын айтты. Терминал 2023 жылдың соңында толығымен пайдалануға беріледі. Қала басшысының айтуынша, бұл республикадағы ең ірі терминалдардың бірі болмақ.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?