29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Словениялық велошабандоз Тадей Погачар «Тур де Франс» жарысының алтыншы кезеңінің жұлдызы атанды, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Жеңімпаз Бельгияның Бенше қаласынан франциялық Лонгвиге дейінгі жалпы ұзындығы 220 шақырымға жуық супер көпкүндік жарыстың ең ұзын бөлігінде бірінші болып мәреге жетті.
Словениялық 23 жастағы спортшыға «Тур де Франстағы» сары жейде биыл алғаш рет бұйырды.
Жарыста екінші болып австралиялық Майкл Мэттьюс келді. Үздік үштікке сондай-ақ француз спортшысы Давид Годю кірді.
Словения алты кезеңнен кейін жалпы есепте көш бастап тұр.
Америкалық спортшы Нилсон Паулесс одан 4 секундқа қалып қойған.
Бейтарап статуста жалаусыз ойнаған ресейлік Александр Власов жалпы классификацияда жетінші орынға көтерілді.
Беделді веложарыстың жетінші кезеңі Францияның Вогеза тау сілемінде өтеді. Ондағы қашықтықтың ұзындығы 176 шақырымнан асады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек