29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Витебскідегі Славян базары» XXXI халықаралық өнер фестивалінің «Витебск-2022» эстрада әншілерінің халықаралық байқауында П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің оқытушысы Ерік Төленов (сахналық есімі Kyle Ruh), ал балалар байқауы аясында Алинұр Хамзин өнер көрсетеді, деп хабарлайды El.kz
Байқау 13-18 шілде аралығында өтеді, оған 24 елдің өкілі қатысады.
«Дәстүрлі түрде әншілеріміз жоғары орындарға ие болып, осы беделді фестивальде елімізді абыроймен таныстырып келеді. Әрине осынау толайым табыс артистер мен олардың оқытушылары атқарған ауқымды жұмыстың дәлелі. Отандық вокал мектебі биылғы жылы да жоғары деңгейді көрсететініне сенімдімін», - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ерік Төленовпен кездесу барысында.
Қазақстандық әншілер жыл сайын, нақтырақ айтқанда 20 жыл бойы фестивальдің ересектер мен балалар байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болып келе жатқанын атап өту қажет. Мысалы, Димаш Құдайберген-2015 жылы, Әділхан Макин – 2019 жылы, Рухия Байдүкенова – 2021 жылы бас жүлде жеңіп алды. Сонымен қатар әр жылдары Әлішер Кәрімов пен Ернар Сәдірбаев (Amre) жүлдегер атанды.
Биыл балалар байқауының қазылар алқасы құрамына халықаралық байқаулардың лауреаты, қазақстандық танымал әнші Әлішер Кәрімов кіріп отыр. Бұған дейін фестивальдің қазылар алқасының құрамында Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Ерлан Көкеев, Толқын Забирова, Батырхан Шөкенов, Қарлығаш Әбдікәрімова, Қарлығаш Әжиева болса, Димаш Құдайберген «Витебск-2021» эстрада әншілерінің халықаралық байқауының қазылар алқасының ең жас мүшесі болды.
Фестиваль жалауын Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік бірлестігінің әншісі, «Славян базары-2021» байқауының Гран-при иегері, «Дарын» жастар сыйлығының және «Шапағат» медалінің иегері Рухия Байдүкенова көтереді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек