Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӘСКЕРИ ДЕМОКРАТИЯ — көне грек қоғамындағы әскери көсемдердің алғашқы адамдар қауымындағы ұжымшылдық пен демократия қалдықтарын сақтай отырып, билік жүргезген жүйесін атау үшін, тұңғыш рет америкалық тарихшы Л.Г.Морган (1818—1881) қолданған ғылыми термин. Ә.д-ны гректер сияқты кельттер мен германдар, нормандар, сақтар т.б. басынан өткізген. Б.з.б. 1- мыңжылдықтың басында сақ қоғамында алғашқы рулық қатынастар ыдырап, жаңа әлеум. құрылымның қалыптасуы жеделдеді. Бұған экон. қатынастағы прогрестік өзгерістер себеп болды. Көшпелі және жартылай көшпелі мал ш. мен металлургия өндірісінің өркендеуі қосымша өнімді арттырып, айырбасты дамытты, жеке меншікті қорландырды. Алғашқы қауымдағыдай емес, өндірістің негізгі құрал-жабдықтары мен еңбек өнімдерін бөлуде теңсіздік пайда болды. Жаңа өндірістік қатынастың нәтижесінде қандастық-туыстық белгілермен біріккен рулық қауым әлсіреп, оны бірте-бірте аймақтық-өндірістік принцип бойынша қалыптасқан қауым алмастырды. Рулық қауым мен көршілік қауымның қайшылығы күшейді. Бұл суармалы егіншілікпен айналысатын аймақтарда алдымен байқалды. Міне, осы рулық қатынастардың ыдырай бастаған тұсын Ә.д. немесе алғашқы көршілестік қауым кезеңі деп атайды. Сақ заманында қоғамдық құрылым — әулет-ру-тайпа — тайпалар одағынан (мемл.) тұрды. Тайпаны көсем не әскери басшы басқарды. Тайпалық одақтар — алғашқы қоғам ыдырағаннан кейінгі әлеум. одақтастықтың жаңа және жоғары үлгісі, мемл-тің алғашқы сатысы. Олардың сайланып қойылатын көсемдерінің қолына азаматтық және әскери билік шоғырланды. Темір дәуірінде Қазақстанның оңт., шығыс, орт. ауд-дарында сақ, батысы мен ішінара солт-де сармат тайпалар бірлестігі (мемл-і) болды.
Әдеб.: Қазақстан тарихы, 1т., А., 1996.
Д. Дәуітов
"Қазақстан энциклопедиясы"
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары