Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӨскемендегі «Достық үйі – Қоғамдық келісім» орталығында өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және журналистика мамандығының студенттерімен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында Андрей Кратенко «Журналистер клубының» қызметі туралы баяндап, студенттерді клубқа қабылдады. Онда болашақ журналистер білім көкжиегін кеңейтіп, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады.
Дөңгелек үстелде шешендік өнердің маманы Вера Правдина жиналғандарға шеберлік сынып өткізді. Белгілі журналист жас мамандармен дауыс ырғағын салу және сауатты, әрі әдемі сөйлеудің құпияларымен бөлісті.
Дөңгелек үстел соңында Қазақстан халқы ассамблеясы мен Достық үйінің жыл көлемінде атқарған жұмыстарын ақпараттандыруда сенімді серіктестік орнатқан БАҚ өкілдеріне Алғыс хаттар табысталды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді