Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӨскемендегі Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің қорытынды отырысы өтті.
Жиналғандар ағымдағы жылға есеп беріп, келер жылға жоспар құрды. Аналар кеңесінің әр мүшесі ұйымның дамуына өзіндік үлес қосып, жыл көлемінде қажырлы еңбек етті. Олар отбасы құндылықтарын сақтау мақсатында көпбалалы, тұрмысы нашар, толық емес отбасыларға көмек қолын созып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аталған іс-шарада Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының жаңа меңгерушісі Жанна Асқарова арнайы келіп, кеңес мүшелерімен жақынырақ танысты. Жиын барысында түрлі әлеуметтік мәселелер көтеріліп, өзара пікір алмасты. Әсіресе, гендерлік саясаттың дамуы, ана мен бала мәселесі, бала асырап алу тақырыптарына ерекше мән берілді.
Жиын соңында Аналар кеңесі жұмысын ілгерілету мақсатында ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта орындалатын іс-шаралар барысын талқылады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді