19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Түркістан облысында сиыр жолға шығып, салдарынан жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы Сауран ауданындағы Шымкент – Самара тас жолында 19 қыркүйек күні сағат 21:30 шамасында жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға орнына тез арада Сауран аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері шықты. Тексеру кезінде Toyota Estima 7 орындық автокөлік жолға шығып кеткен сиырмен соқтығысқаны анықталды. Осыдан кейін көмек көрсету үшін оның жанына Audi автокөлігі тоқтаған. Осы сәтте олардың соңынан келе жатқан Нуundaі Santa fe және Xonda Elysion көліктері соқтығысады.
Адам шығыны жоқ, тек автокөліктерге материалдық шығын келген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Estima жүргізушісі мен жолаушыларға жергілікті жерде медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Қазіргі уақытта жауапкершілікке тарту үшін мал иесін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр, - делінген мәліметте.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары