29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары20-21 маусымда елордада Астана форматында Сирия бойынша ХХ халықаралық кездесу өтеді.
Келіссөздерге кепілгер ел саналатын Ресей, Түркия және Иран делегацияларымен қатар Сирия үкіметі мен қарулы оппозицияның өкілдері қатысады. ҚР СІМ мәліметінше, байқаушы ретінде БҰҰ, Иордания, «Ирак пен Ливант» өкілдерінің қатысуы күтілуде.
Келіссөздердің күн тәртібіне Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалдың өзгеруі мен Сирия еліндегі жағдайы, САР-дағы кешенді реттеу бойынша күш-жігер, терроризмге қарсы күрес мәселелері, сенім шаралары, оның ішінде кепілге алынғандарды босату және із-түссіз жоғалғандарды іздеу және Сириядағы гуманитарлық жағдай, жанжалдан кейін САР-ды қайта қалпына келтіруге жәрдем көрсету мен сириялық босқындарды отанына қайтару үшін жағдай жасау мақсатында халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін жұмылдыру мәселелері кіреді, - делінген мәліметте.
Бірінші күні Сирия-Түркия қатынастарын қалпына келтіру бойынша «Жол картасы» жобасын дайындау барысын талқылау мақсатында Иран, Ресей, Сирия және Түркия сыртқы істер министрлері орынбасарларының консультациялары, сондай-ақ Астана процесіне қатысушылардың екіжақты және үшжақты консультациялары өтеді.
Екінші күні консультациялар жалғасады, жалпы отырыс және баспасөз конференциясы жоспарлануда.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек