20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына байқау жүргізу мақсатында келген ТМД байқаушылар миссиясының басшысы, ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Кездесу ҚР Парламенті Мәжілісі және маслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына ТМД-дан байқаушылар миссиясының ашылуы аясында орын алды.
Вице-министр сұхбаттасын алдағы парламенттік сайлаудың негізгі жаңартуларымен, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларымен егжей-тегжейлі таныстырды.
Өз кезегінде Л. Анфимов қазақстандық тарапқа сайлауды байқауға қатысуға шақырғаны үшін алғысын білдіріп, ТМД Миссиясының жұмысын ұйымдастыру туралы хабардар етті. Миссия өңірлер бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді байқаушыларды бөлумен, сондай-ақ Қазақстан заңнамасын бағалаумен айналысатын болады. Қазіргі уақытта миссияны қалыптастыру процесі жүріп жатқаны атап өтілді. Миссия құрамына 200-ге жуық байқаушылар кіреді деп күтілуде. Оның 10-ы Астанадағы Миссия штабында ұзақ мерзімді негізде жұмыс істейтін болады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?