28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарСыртқы істер министрлігінің ресми өкілі шетелде жүрген қазақстандықтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәскеуде орналасқан «Крокус Сити Холдағы» теракт болған түні біз Қазақстанның Ресейдегі елшілігімен хабарласып, бекітілген алгоритм бойынша жұмыс істедік. Жедел желінің телефон нөмірі жарияланды. Мәскеудегі біздің студенттер және басқа да Қазақстан азаматтарының бәрімен хабарласып, жағдайын сұрастыра бастадық. Қазір қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматы жоқ, - деді Айбек Смадияров.
Осы орайда ресми өкіл шетте жүрген отандастарымызға ескерту жасады.
Енді әлемде жағдай күрделініп барады. Одан ешкім сақтанбаған. Сондықтан азаматтарымыз қай елде жүрсе де сол елдің билігі қойған заңды талаптарды орындауы керек. Енді сақтықта қорлық жоқ, барлық азаматқа сақ болып жүрген дұрыс деп ойлаймын, - деді Айбек Смадияров.
Айта кетейік, СІМ өкілі Қытайдан Қазақстанға келген туристер санын айтты.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?