20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы Елшісі Кийтуметци Мэттьюспен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүздесуге Қазақстан Республикасының ОАР-дағы жаңадан тағайындалған Елшісі Еркін Ахинжанов та қатысты.
Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады және өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Оның ішінде, 2023 жылғы бірінші тоқсанының соңында Астанада өтетін сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың келесі раундына дайындық барысы талқыланды.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Претория арасындағы әріптестікті жаңа сапалы деңгейге көтеру мақсатында екі елдің сыртқы саяси мекемелері арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі ілгерілету бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?