Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕліміздің сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азиядағы өкілі Матильда Богнермен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тараптар Қазақстанның саяси және демократиялық реформаларын, БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттарын орындау жөніндегі елдің іс-қимылын, сондай-ақ Қазақстанның 2022-2024 жылдары БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүшелігінің қорытындыларын талқылады.
А.Рахметуллин еліміздегі адам құқықтары саласындағы жүйелі өзгерістер туралы, оның ішінде ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру бөлігінде ақпаратты жеткізді.
Сұхбаттастар адам құқықтарын ұлттық және халықаралық деңгейде ілгерілету мақсатында тығыз ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растағаны айтылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді