19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Мароккодағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Мароккода 8 қыркүйек күні кешке магнитудасы 6,9 балдық жойқын жер сілкінісі болды.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Марракештен оңтүстік-батысқа қарай 77 шақырым жерде орналасқан. Мамандардың айтуынша, зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Магнитудасы 4,8-ге дейін жететін жерасты дүмпулері бірнеше рет қайталанды.
Сейсмологтар алдағы бірнеше күн ішінде жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер болуы мүмкін екенін ескертті.
Марокко Ішкі істер министрлігінің соңғы мәліметі бойынша жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 мыңнан асты.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары