Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Оңтүстік Корея мен Грузиядағы қазақстандықтар туралы көпшілікті алаңдатқан сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ өкілі отандастарымыздың елшілікпен тығыз байланыста екенін атап өтті.
Біздің сыртқы саясатымыз шет мемлекеттердің ішкі саясаттарына ешқандай баға бермейді. Басты мақсатымыз – Оңтүстік Кореяда тұратын қазақстандықтарды қорғау. Өздеріңіз білетіндей, Кореямен визасыз режим орнатылған. Ол жақта 30 мыңнан аса азаматымыз бар. Бірақ, көпшілігінің ішкі миграция заңын бұзып жүргенін де атап өту керек. Қазақстан елшілігі ел азаматтарымен байланысып отыр. Зардап шеккендер жоқ, - дейді Әлібек Бақаев.
Ал Грузияда нақты қанша азаматтың жүргені белгісіз.
Қазір нақты қанша азаматымыздың Грузияда жүргенін айта алмаймын. Себебі, бізде Грузиямен визасыз режим орнатылған. Күн сайын Грузияға қаншама қазақстандық демалысқа барып жатыр. Грузиядағы Қазақстан елшілігі мәселені тұрақты бақылап отыр. Кез келген отандасымызға көмек көрсетеміз. Елшілік пен Сыртқы істер министрлігіне хабарласып, көмек сұрай алады. Бүгінге дейін ешқандай азамат көмек сұрап, жүгінбеді, - дейді СІМ өкілі.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді