22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко АҚШ-тың Азия бойынша Халықаралық даму агенттігі (USAID) әкімшісі көмекшісінің орынбасары Анджали Каурмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Тараптар Қазақстан мен USAID арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, өңірлік сауда, жаңартылатын энергия көздері мен климаттың өзгеруі мәселелерін, сондай-ақ KazAID және USAID арасындағы өзара іс-қимылды талқылады.
Америкалық тарап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын қолдайтынын, сондай-ақ USAID денсаулық сақтау, заң үстемдігі, экономиканы әртараптандыру, энергетика, қоршаған орта және т.б. салалардағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды жалғастыруға бейілділігін растады.
1992 жылдан бастап USAID Қазақстанда кең ауқымды бағыттарды, соның ішінде экономиканы әртараптандыру, энергетика, экология, денсаулық сақтау, заң үстемдігі және т.б. салаларды қамтитын көптеген жобаларды іске асырды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев