Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Иран Ислам Республикасының Елшісі Маджид Самадзадэ Сабермен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі СІМ-не сілтеме жасап.
Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың практикалық аспектілерін талқыланды. Екі мемлекеттің өзара тиімді ынтымақтастығын нығайту үшін осы жылы 25 қаңтарда өткен Қазақстан мен Иран арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысының қорытындыларын жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысты атқаруға уағдаласты.
Сонымен қатар сұхбаттастар Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнағаннан бер екіжақты және көпжақты форматтарда, ең алдымен БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК, ШЫҰ және ЭЫҰ шеңберіндегі өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға дайындығын мәлімдеді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді