Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының көмекшісі Рувендрини Меникдивеламен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
А.Рахметуллин сұхбаттасын босқындарды қорғау саласындағы ұлттық заңнаманың жетілдірілуі, сондай-ақ Қазақстанның босқындарға, ішкі қоныс аударған және азаматтығы жоқ адамдарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі іс-қимылдары туралы хабардар етті.
Р. Меникдивела Қазақстан мен Орталық Азиядағы азаматтығы жоқ адамдарды қысқарту саласындағы елеулі жетістіктерді атап өтті. Қазақстанға азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру жөніндегі #IBelong екі ұлттық компаниясының табысты аяқталғаны үшін алғыс білдірді.
Тараптар босқындардың құқықтарын жақсарту және гуманитарлық қорғау мақсатында Қазақстан мен БЖКБ арасындағы ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді