20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБір күнде 18 орынға есірткі қойып кеткен шымкенттік тұрғын ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияның хабарлауынша, Еңбекші АПБ-ның “102” арнасына жергілікті тұрғын есірткі қойып жүрген жас жігітті оқиға орнында ұстап алғанын айтып хабарласқан. Шақырту бойынша жедел тергеу тобының қызметкерлері дереу оқиға болған аумаққа барған.
Күдіктінің жеке басын тінту барысында смартфонынан Telegram чат арқылы белгісіз тұлғамен хат алмасып, оның нұсқауларын бұлжытпай орындағаны анықталды. Кейін тәртіп сақшылары оның есірткі қойып кеткен жерлерін жеке-жеке тінтіп, жасырылған ұнтақтарды айғақ зат ретінде тәркіледі.
Нәтижесінде құқық бұзушы бір күнде 18 орынға полиэтиленді пакетке салынған есірткіге ұқсас заттарды тығып үлгергені белгілі болды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың синтетикалық есірткі екені расталды, - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай жас жігіт 3 айдан бері “курьер” болып жұмыс істейді. Ол, күніне орта есеппен 20-25 орамды таратумен айналысады. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?