Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікШымкент қаласының прокурорлары әлеуметтік несиелік тұрғын үй алудың қылмыстық схемасын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көші-қон полициясы қызметкерінің 16 адамға қатысты әлеуметтік баспана алу үшін тұрғылықты тіркелу уақытына заңсыз өзгеріс енгізу фактісі анықталды.
Жинақталған құжаттар Қылмыстық кодекстің 369-бабының2-1-бөлігінің негізінде СДТБТ-гетіркелді (құқық қорғау органының қызметкері жасаған қызметтік жалғандық) және тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды.
Сотта көші-қон полициясы қызметкерінің кінәсі толық дәлелденіп, ол «полиция майоры» шенінен айырумен 1,5 жылға сотталды.
Сонымен қатар тағы 147 адамды жалған тіркеуге қою фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда.
Қазіргі уақытта кезекке жалған тіркелу мүмкіндігін болдырмайтын және негізсіз өтініштерді сүзуге мүмкіндік беретін жаңа автоматтандырылған жүйе енгізілді.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді