10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПолицияға бопсалау туралы арызбен Қаратау ауданының тұрғыны жүгінген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жас жігіт өзін әлеуметтік желінің белгісіз қолданушысы қорқытып, одан 100 мың доллар талап еткенін көрсетті. Әйтпесе, оның интимдік сипаттағы жеке суреттері мен видеоларын интернетке жариялаймын деп уәде еткен. Өз беделіне алаңдаған тұрғын келісіп, оның нұсқауын орындап, бопсалаған соманың 10 миллион теңгесі салынған сөмкені көшелердің біріндегі темір құбырдың астына қалдырған. Күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ақшаны алуға келген кезде полицейлер қылмыс үстінде ұстады. Аталған жайт ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ тіркелді. Ұсталған адам өзінің досы болып шықты, - делінген ведомство хабарламасында.
Белгілі болғандай, досының мас күйін пайдаланған жолдасы, оның смартфонындағы жеке суреттері мен бейнежазбаларын өзіне өткізіп алған. Бопсалаушы УҰИ-ға қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді