Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШымкент қалалық балалар ауруханасының лор дәрігерлері балалардың тесілген құлақ пердесін бітейтін тимпанопластика отасын жасауда. Күрделі операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен қаржыландырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл операцияда науқастың самай бұлшықетінің талшықтары алынып, құлақ тесігін жамауға қолданылады. Нәтижесінде құлақтан іріңнің ағуы тоқтатылып, есту қабілеті мен өмір сүру сапасы жақсарады.
Ерекше отаны қалалық балалар ауруханасының лор-дәрігері Нұрсұлтан Әбен жасауда. Ұзақтығы шамамен 1,5 сағатқа созылатын операция кезінде жалпы жансыздандыру әдісі қолданылады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қалалық филиалындағылардың мәліметінше, әзірге құлақ, тамақ, мұрын және бет-жақ хирургиясының білікті дәрігерлер құрамы 3 балаға сәтті ота жасаған.
Тимпанопластика операциясы таяу күндері 7 жастағы балаға жасалды. Бұрын мұндай операциялар Алматы мен Астана қалаларындағы медициналық ұйымдарда ғана жасалатын. Пациенттің ата-анасы ұзақ кезек күтпей Шымкент қалалық балалар ауруханасына таңдау жасағандарын айтады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді