20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекІІМ басшысы Шымкент мектептеріндегі қауіпсіздік жүйесін тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бала қауіпсіздігі – басты назарда. Шымкентке арнайы барған ішкі істер министрі қалалық департаменттегі жұмысын осы мәселеден бастады. Жаңа оқу жылы қарсаңында жедел басқару орталығына кіріп, білім ошақтарындағы камералар мен дабыл түймелерін тексерді.
Министр мектептердің бірімен байланысқа шықты. Айта кету керек, оқу ордасында дабыл жүйесі іске қосылса, сигнал бірден полицияға түседі.
Шымкентте 246 мектеп бар, 151-і мемлекеттік. Ондағы бейнекамералар саны 2600-ден асады. Министр департаменттің жаңа басшысына оларды толығымен полицияға шығарып, осы бағыттағы жұмысты жетілдіруді тапсырды.
Мектептер мемлекеттік, жеке меншік деп бөлінбей, толығымен жедел басқару орталығына шығарылуы тиіс. Бұл балалардың қауіпсіздігі үшін қажет. Полиция департаментінің басшысына бірінші кезекте осы жұмысты қолға алуды тапсырдым. Сонымен қатар оқу орындарының маңындағы жол инфрақұрылымын, жаяу жүргіншілер өткелінің бар-жоғын, мектеп автобустарының жай-күйін тексеруді жүктедім, – деді Марат Ахметжанов.
Сондай-ақ ведомство басшысы жеке құраммен кездесіп, полицияға жүктелген міндеттерді еске салды. Қызметкерлердің де, азаматтардың да тарапынан заңсыздық пен бассыздыққа жол берілмеу қажеттігін баса айтты.
Жұмыс сапарының соңында Марат Ахметжанов министрліктің Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығына барды. Мұнда ол полицей болуды мақсат тұтып, әр өңірден біліктілігін арттыруға келген жас тыңдаушылармен жүздесті.
Орталықтың аумағында жылдам қимылдайтын арнайы жасаққа арналған үй-жай мен алаң салынбақ. Мұнда ведомство басшысы жауынгерлерге жасалатын жобамен танысты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?