Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШымкентте Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы жаңа колледж ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу орны Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанынан құрылды. Колледждің ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты. Жүсіпбек Аймауытұлының атын беру униерситет жанындағы ғылыми кеңес мәжілісінде кеңінен талқыланды. Шешім қолдау тауып, арнайы орта білім беретін оқу орны қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист есімімен аталды.
Әзірге аталған колледжде 3 мамандықты оқытуға лицензия берілген, олар 01140100 - Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі, 01140200 - Музыкалық білім беру, 01140300 - Көркем еңбек мамандықтары.
Мұнда 58 оқытушы жастарға білім береді. Оның 1-уі ғылым докторы, 17-сі ғылым кандидаты, 3-уі PhD, 29-ы магистр, 3 –уі аға оқытушы. Материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жасақталған ғимаратта 175 кабинет, 13 зертхана, 2 шеберхана жұмыс істейді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді