Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШымкент қаласының тұрғыны ұлын жұмысқа орналастырамын деп 2,5 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тұран аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс ер адам өзінің байланыстары арқылы оның ұлын қалалық әуежайдың қауіпсіздік бөліміне жұмысқа орналастыруға уәде берген. Ол осы қызметі үшін 2,5 миллион теңге алып, “ізін суытқан”.
Аталған жайт бойынша Тұран АПБ-ның анықтаушылары Қылмыстық кодекстің 190-бабымен тергеу амалдарын бастады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде тәртіп сақшылары 41 жастағы күдіктіні анықтап, полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі таңда полицейлер барлық айғақтарды жинап, қылмыстық істі айыптау актісімен бірге сотқа жолдады.
Полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың айласына түспеуді, бейтаныс адамдарға сенбеуді және ақша аудармауды, тек тиісті мекемелерден қызмет алуды ескертеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?