Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікШымкентте жоқ пәтерлерді жалға беріп келуші үш күдікті ұсталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 1 млн теңгеден астам, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұсталғандар тұрғын үйлерді жарнамалайтын қосымша арқылы қылмыстық әрекетін іске асырып, жоқ пәтерлерді ұсынатын жалған хабарландырулар жариялап отырған. Потенциалды клиенттер бұл ұсыныстарға қызығып, алаяқтармен байланысқа шыққан сәтте олар алдын ала төлем жасауға көндірген. Осылайша жәбірленушілер пәтерлерді брондау мақсатында ақша аударып, алдаудың құрбаны болған.
Күдіктілердің әрекетінен өткен жылдың тамыз айынан бастап жалпы 1 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Қазіргі таңда олардың интернет-алаяқтықтың 20 жайтына қатысы бар екені анықталды. Ұсталғандардан 11 ұялы телефон, 15 SIM-карта, ноутбук тәркіленді. Тергеу жұмыстары жалғасуда,-деп атап өтті полициядан.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер