10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШымкентте полицейлер жоғалған 3 жасар баланы ата-анасына қайтарды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Еңбекші ауданының аумағындағы көпқабатты үй ауласында үлкендердің қарауынсыз ойнап жүрген бүлдіршін туралы хабарды патрульдік полицейлер таңғы сағат 5-те қабылдаған. Шақырту бойынша жедел жеткен тәртіп сақшылары тілі анық шықпаған баланың ата-анасы мен мекенжайын анықтау мақсатында жергілікті тұрғындардан сұрастырып, үйме-үй аралап шықты.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде, жеткіншек әкесіне аман-есен тапсырылды. Белгілі болғандай, бала таң сәрісімен үйдің ашық қалған есігінен көрші аулаға ойнауға шығып кеткен. Өз кезегінде, баланың туыстары полицейлердің қызметіне шын жүректен алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Осы орайда, полиция балалардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін, оларға мұқият болып, көзден таса қалдырмауларыңызды сұрайды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді